«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген ұстаз

180

Ұстаздық- ұлы қызмет. Шымкент қаласында 33 жылдан бері мектеп оқушыларына орыс тілін үйретіп, сүйіспеншілігіне бөлене білген ұстаздардың бірі – Гүлзира Анартаева. Тәрбие бар жерде, білім де бар деген ұстаныммен жүретін ұстаздың шәкірттері халықаралық олимпиадада жеңіске жетіп, ғылыми конферецияларға белсенді қатысып келген.

Гүлзира Ұласбекқызы қазіргі таңда Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 IT- лицейінде еңбегін жалғастырып отыр. Өз саласын жетік меңгерген ұстаз – 2019 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есім» энциклопедия жобасына еніп, еліміздегі ең үздік педагогтар қатарынан табылды.

Ұзақ жылдар бойы ғылыми – сараптама жұмыстарымен айналысып келген педагог әр сабағын жоғары деңгейде ұйымдастырып, оқушалардың пәнге деген қызығушылығын арттырып отырады.

Г.Анартаева педагогикалық біліктілікті арттырудың деңгейлі бағдарламасы бойынша сертификатталған, педагог-шебер. Ол жас мамандардың біліктілігін арттыру жолында да өз тәжірибелерімен бөлісіп келеді.

Осы күнге дейін ұздаздың еселі еңбектері еленіп, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» және өткен жылы «Үздік педагог-2020» төс белгісімен марапатталған. Сонымен қатар, білім саласында түрлі олимпиадаларда жеңімпаз болып, халықаралық ғылыми конференцияларға белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар мен жоғары дәрежелі диплом табысталған.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі