Шымкентте алдағы уақытта мемлекеттік нефрологиялық орталық ашылуы мүмкін

102

Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Позилов өзінің әлеуметтік парақшасында хабарлады.

«Бүгін гемодиализ сеансы қызметін көрсететін клиникаларды араладым, қаламызда жасанды бүйрек сеансын алатын 1000-ға жуық науқас бар, аптасына 3 рет бағдарламалы амбулаторлы гемодиализ қабылдайтын науқастарға барлық жағдай жасалған. Осыдан 10 жыл бұрын тек ғана 1 жерде осы орталық болатын, қазір жекеменшік клиникалар есебінен бұл проблема түпкілікті шешілген, ең бастысы тегін, өздері көлікпен алып келеді, апарады, тамақ береді. Қаламыздың бас нефрологымен және әріптестестерімен болашақта мемлекеттік нефрологиялық орталық ашу туралы сөйлестік», – делінген жазбада.