Синоптиктердің болжамы бойынша солтүстік -батыстан келген суық ауа массасының әсерінен 24-ші ақпанда ауа райы күрт өзгереді.

Түркістан облысы аумағында қар жауады, кей жерлерде қалың қар, тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде 2 градус аяз, кей жерлерде 5-10 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік аудандарда – 13 градусқа дейін аяз болады.

Арайлым МАХАНОВА, «Қазгидромет» РМК Түркістан облыстық филиалының инженер-синоптигі: «Шымкент  қаласында  ертең, 24 ақпанда жауын-шашын. Кей жерлерде қатты нөсер. Ауа температурасы -1 градусқа дейін төмендейді. Сонымен қатар, шаһар аумағында 15-20 м/сек жел тұрады. Оның екпіні 23 м/сек жетеді».

Шынар Оразова