Түркістан: Қанша медицина қызметкері вакцина салдырды?

60

Түркістан облысында екпені 840 медицина қызметкері қабылдап үлгерді. Бұл бірінші ақпаннан сегізінші ақпанға дейінгі көрсеткіш.

Сала қызметкерлері енді араға 21 күн салып Спутник-V вакцинасын қайта қабылдайды. Осылай деген денсаулық сақтау басқармасы аймақта қатерлі індеттің қайта өршіп бара жатқанын айтады.

Бүгінде вирустың табылуы 0,16 пайызға өскен. Бір тәуліктің ішінде індет 7 тұрғыннан анықталыпты. Айта кетейік, пандемия басталғалы бері коронавирус 4176 түркістандықтан табылған. Оның 2682 симптомсыз болса, 1671 стационарда емделген.

Назерке Үкібасова