Вакцинаны бірінші болып қала әкімі Мұрат Әйтенов салдырды

85

Шымкентте ковидке қарсы вакцинаны бірінші болып қала әкімі салдырды. Мұрат Әйтенов екпені №3 емханада қабылады.

Дәрігерлер сөзінше оның қазіргі жағдайы жақсы. Айта кетейік, билік өкілдерінен бөлек қатерлі індетке қарсы препаратты медицина қызметкерлері де қабылдайды. Ал, тізім бойынша олардың саны Шымкентте 1000-нан асады.

Ресейден күні кеше жеткізілген дәрілік заттар қазір мұзатқыштарда сақтаулы. Жауаптылар бұған дейін «Спутник V» вакцинасының ерікті түрде салынатынын айтқан еді.

Назерке Үкібасова