Илонаның ауыр дерттен сауығып кетуіне қаржылай көмек қажет

174
фото Хабар 24

Илонаны бірге құтқарайық! Түркістан облысының тұрғыны ақ қан індетімен күресуде. Илона Кимге аты жаман диагнозды 11 жасында қойған. 17 жастағы бойжеткен ауыр дертпен бірнеше жылдан бері күресіп келеді. Қазақстанда туыс емес донордан сүйек кемігін трансплантациялау отасы жасалмайды, мұндай отаны жасауға түрік дәрігерлері келісіпті. Отаға қыруар қаражат қажет екен, ондай қаржы науқастың отбасында жоқ.

Жедел лимфобластикалық лейкемия немесе ақ қан диагнозын 11 жастағы Илонаның туыстары басына жәй түскендей қабылдаған. Індетпен қыз алты жыл күресіп келеді. Осы аралықта Илона бірнеше рет химиятерапия да қабылдап үлгерген, жағдайы жақсарғаны ұзаққа созылмай ауру асқынуда . Химиятерапия нәтижесіз, Илонаға сүйек кемігін трансплантациялау қажет.

Елена АНДРЕЕВА, Илонаның анасы: «Біз бірнеше рет ем қабылдадық. Алматыда да жаттық. Бұл аурудың үшінші асқынуы , қазақстандық дәрігерлер қауқарсыз. Сондықтан да біз түрік клиникасына жүгінуге мәжбүр болдық. Ондағылар туыс емес донордан сүйек кемігін трансплантациляауға келісім беріп отыр. Бізде мұндай ота жасамайды, Илонаның қанына сәйкес келетін біздің туыстарымыз жоқ».

Науқастың дене қызуы жоғары, анализдерінің көрсеткіштері төмен, салдарынан асқынған ауру жанына батып қатты мазалауда. Илонаға түрік дәрігерлері көмек көрсетуге дайын. Отбасы ұшақпен жетуге және Түркияда тұруына ғана қаражат жинапты. Диагностикаға, химиятерапияның екі курсына отаға 100 мыңнан астам доллар қажет екен.

«Сүйек кемігін трансплантациялаудың өзі 88 мың, химиятепарияның екі курсы 35 мың доллар, диагноз қою құны- 5 жарым мың доллар. Үлкен қаржы керек, біздің отбасымызда мұндай қыруар қаржы жоқ, сондықтан да біз халықтан көмек сұраймыз, Жомарт азаматтар қолдау көрсетеді деген үміттеміз».-дейді  Елена .

Ауыр дертіне қарамастан бойжеткен кешкі мектепте оқиды, сыныптастарымен араласып., университетке түсуді армандайды.

Илона КИМ: «Соңғы рет аса ауыр емдеу болды, кома, инсульт та болды. Дәрігерлердің өзі үміттендірмеді. Көптеген адамдар тарапынан қолдау көріп жатырмыз. Олар қоңырау шалып, жарқын болашаққа үміт сыйлауда».

Таңертең Илона анасымен бірге түрік клиникасына қаралу үшін ұшып кетті. Науқастың туыстары оның сауығып кетуін тілейді. Илонаға әрбіріміз көмектесе аламыз. Ол үшін  банк есепшотына қаржы аударуға болады.

Каспи голд:
7(771)319-32-51
5169-4971-7660-2898
Yelena Andreyeva
____
Сбербанк рубли
4263-4333-3669-6023
Yelena Andreyeva
____
Халык банк
4405-6398-1777-2849
Alexandr Kim(папа)
___
PayPal
help_ilona@mail.com