50 жастағы ер адамның қуығынан 80 тас алынды. Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Отаны қалалық орталық аурухананың дәрігерлері жасаған. Дәрігерлердің сөзінше, бұл отаның өз ерекшелігі бар. Шағын инвазивті, яғни тері тілігі 1 см шамасында, оңалту кезеңі мен стационарлық емі жеңіл.
Науқас бұдан бұрын бірнеше рет емделген. Алайда нәтиже болмаған. Ол дәрігерлерге кіші дәретке бару кезінде ашыту, ауырсыну, жайсыздық сезімдеріне шағымданып келген.
Науқасқа 3 тәулікте урологиялық катетер алынып, 5 тәуліктен кейін жағдайының жақсаруына байланысты үйіне шығарылды. Дәрігерлер бұл жағдай заманауи диагностиканың, тәжірибелі мамандардың және дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің тиімділігін дәлелдегенін айтады.
Дилара Иса






