Шымкентте карантиндік шектеулерді бұзған лото клуб анықталды

205

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары санитарлық нормалардың сақталуын қадағалау бойынша тұрақты жұмыс атқаруда.

Мәселен, 9 ақпан күні №21 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлерімен әкімшілікі аумақты аралау барысында А.Байтұрсынов және Н.Төреқұлов көшелерінің қиылысында карантин режимін бұзып жұмыс жасап тұрған «Лото» клубты анықтады. Тәртіп сақшылары жұмысын алаңсыз жалғастырған нысан иесінен түсініктеме алды.

Анықталған дерекке қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Әл-Фараби ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Полицейлер сақтық шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.