Синоптиктер дауылды ескерту жариялады

82

«Қазгидромет» Шымкентте дауылды ескерту жариялады. Олардың айтуынша, 19 наурыз күні таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына қырағы болып, ауа-райы туралы ақпаратты қадағалап отыруға шақырады.

Мамандар көшедегі бағана, ағаш, жарнама тақтайшалары, электр тіректері мен сымдардан аулақ болуға. Сонымен қатар, ағаштар мен ескірген ғимараттардың маңына жеке көлікті қоймауды ескертеді.