Шымкентте алдағы екі күнде қатты ыстық болады

5334

Шымкентте алдағы екі күнде аптап ыстық күтіледі.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 25-26 шілдеде қалада күндіз ауа температурасы 40-42 градусқа дейін көтеріледі.

Осыған байланысты Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ыстық ауа райында көшеде ұзақ уақыт жүру күн мен жылу соққысына әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Күн мен жылу соққысының жиі кездесетін белгілері:

– бастың айналуы;

– қатты бас ауруы;

– кейде жүрек айнуы және құсу;

– көздің қараңғылануы;

– кейбір жағдайларда мұрыннан қан кету;

– жылдам импульс;

– ентігу.

Жылу немесе күн соққысының алдын алу шаралары:

– Көшеде болуды шектеу, физикалық белсенділікті азайту қажет;

– Үй-жайларда болған кезде оларды желдетуді қамтамасыз ету қажет — желкөздерді, терезелерді ашу, желдеткіштерді немесе кондиционерлерді пайдалану;

Көшеге шыққан кезде табиғи маталардан (мақта, зығыр) ашық түсті жеңіл киім кию ұсынылады. Күйіп қалмас үшін денені 15-30 минуттан артық ашуға болмайды;

– Көшеде міндетті түрде бас киім киіп жүріңіз (жазғы қалпақ, панама, орамал және т.б.). Күннен қорғайтын көзілдіріктерді, қолшатырларды пайдалану қажет;

– Сусызданудың алдын алу үшін көп мөлшерде сұйықтық ішу ұсынылады. Алкогольді ішуге қатаң тыйым салынады;

– Ас қорыту жүйесін шамадан тыс жүктемеу керек, сондықтан ыстық ауа-райында жеңіл тамақты кішкене порциялармен және бөлшектеп ішу керек;

– Күні бойы мүмкіндігінше душ қабылдап немесе дененің бөліктерін салқын дымқыл майлықтармен, дымқыл сүлгімен сүртіңіз;

– Жеке және қоғамдық көліктерде сапарларды шектеу керек немесе оларды таңертең немесе кешке, жылу азайған кезде жоспарлағаныңыз абзал;

– Егер автокөлікпен жолға шығу қажет болса, автомобильдің ішкі салоны өте ыстық екенін ескеріңіз. Сондықтан шуақты күнде ашық тұрған көлікке отырмас бұрын алдымен барлық есіктерді ашыңыз немесе желдету үшін әйнектерді түсіріңіз. Ол үшін шамамен 3-4 минут жеткілікті.

Есіңізде болсын, күн немесе жылу соққысын алу қаупі әсіресе қарттар мен балаларда басым. Өйткені олардың терморегуляция жүйесі жетілмеген. Жүрек-қан тамырлары аурулары, метаболикалық бұзылулар, эндокриндік аурулары бар адамдарға да қауіпті. Күн немесе жылу соққысының алғашқы белгілері айқалған жағдайда шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну керек!