Шымкенттегі автовокзалдар қалыпты жағдайда жұмысын жүргізуде

88

Түркістан бағытына  жолға шыққан жолаушылар наурызға дейін  қалааралық қоғамдық көлікке «Самал» автовокзалының   сыртқы аумағынан отырып кететін. Енді «»Газельдер» автовокзал  аумағындағы тұрақтарда тұрып, жолаушыларды отырғызатын болған.

Мәселен,   Шымкенттен Кентауға дейін  жол жүру бағасы  қайтадан 1 300 теңгеге түсіпті. 1-ші наурызға дейін  құны 1500 теңге болатын. «Баға шарықтаған заманда  қалааралық бағыттардағы қоғамдық көлікте жүру бағасы қалпына келгені қуантады»- дейді жолаушылар

Айта кететін жәйт, бұл автовокзалдан Созақ, Түркістан, Тараз, Алматы, Қарағанды бағыттарында  көліктер қатынайды.

Шынар Оразова