Созақтық полицейлер мерекеде мұқтаж жандарға жәрдем жасады

134

Түркістан облысының полицейлері қатарында жаны жомарт, қайырымды да жүрегі жұмсақ жандар аз емес. Олар өзгелерге үлгі боларлық игі істерді жасап, көмекке мұқтаж жандарға жәрдем беруге әрқашан дайын.

Қиын да қауіпті қызметтерінен бөлек, адами құндылықтарды алға тартып, түрлі қайырымдылық іс-шараларын жасауды әдетке айналдырған десек те болады. Бұл жолы наурыз мерекесінде созақтық сақшылар игі істі атқарды.

Мәселен, Созақ аудандық полиция бөлімінің учаскелік полицейлері полиция майоры Т. Жылқыбаев, полиция капитаны С. Нұрғалиев пен полиция аға лейтенанты Р. Төлегенов өздерінің аумақтарын бес саусақтарындай жақсы біледі. Сондықтан олар жағдайымен жіті таныс аз қамтамасыз етілген бірнеше отбасыға сый-сияпаттар жасап қайтты.

Полицейлер күнделікті қажетті азық түліктермен бірге қаржылай да көмек көрсетті.
Өз кезегінде мереке қарсаңында тәртіп сақшылары тарапынан тосын сыйларға кенелген отбасылар жүрекжарды лебіздерін жеткізді:«Алла разы болсын, сіздерді де мерекемен құттықтаймыз. Отбасыларыңыз аман болсын,қызметте биікке өрлей беріңіздер,рақмет!»,- деді жергілікті тұрғындар.

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі