Медициналық қызмет сапасын көтеруге өз үлесін қосып жүр

305

Дәрігер деген кең ұғым, қастерлі мамандық. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін осынау маңызды салаға бүкіл өмірін арнап келе жатқан абзал жандар жетерлік. Солардың бірі – Фируза Қонаева.

Фируза Қонаева – денсаулық сақтау саласының үздігі, бір сөзбен айтқанда нағыз адам өмірінің қорғаушысы. Қалалық №4 емханада күндізгі стационар мен жалпы тәжірибелі дәрігерлер меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Білікті дәрігер 20 жылдан бері денсаулық сақтау саласында қызмет етеді. Медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыруға барынша үлесін қосып жүр. Ақ халатты абзал жан медицина қызметкері болу адамға жарық сыйлау деп есептейді.
Күндізгі стационарда айына 53 пациент қабылдап, медициналық қызметті ілгерілетуде табанды еңбек етіп келеді.

QAINAR KÓZШымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы