«Вакцина егуден басқа жол жоқ». Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Ақордадағы кездесуінде мәлімдеді. Сондай-ақ, ел Президенті Үкіметке вакциналауды жеделдетуді тапсырғанын, халыққа вакцинаның маңыздылығын әлі де болса түсіндіру керек екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті: «Жуырда Үкіметтің кеңесін өткізіп, халықты жаппай вакциналауды жеделдетуді тапсырдым. Бұл міндет, біріншіден, нарыққа вакцинаны тиісті мөлшерде жеткізуге, екіншіден, халыққа вакцина салудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізуге байланысты. Қазір жұрттың көпшілігі бұл шараның маңыздылығын толық түсінбей жатыр. Әрине, біз вакцинаны тегін саламыз. Сондықтан мен өзім де вакцина егуден басқа жол жоқ екенін үнемі айтып келемін».

Мөлдір Ибадуллаева