Өндіріс орнына кіре алмай жүрген жұмысшылар ісі

152

Өндіріс орындарына кіре алмай қалған жұмысшылар мәселесі әлі екі апта қаралады. Бұл туралы Абай ауданы әкімдігіндегілер мәлімдеп отыр. Жауаптылар сөзінше қазір кәсіпкерлер базынасын жер ресрустары басқармасы мен сапа және бақылау мамандары қарауда.

Нұрдәулет ҚҰРБАНБЕКҰЛЫ, Шымкент қаласы сапа және бақылау басқармасы басшысының орынбасары: «Біз кеше ғана жер қатынастары басқармасына сұрау жібердік. Олар қазір жердің қаншалықты заңды екенін тексеріп жатыр. Нәтиженің қашан шығары әлі белгісіз».

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте өндіріс орны жұмысшыларының өз жұмыс орындарына кіре алмай жүргендерін айтқанбыз. Ал, оның есігін кәсіпорынға кіретін жолдың иесі жауып тастаған. Осылай деген 5 цехтың иелері мен қызметкерлері 12 сәуірден бері далада қалғандарын айтқан еді. Ал, бұл өндіріс орнына одан өзге кіретін есік жоқ.

Назерке Үкібасова