Шымкентте бірте-бірте күн жылиды

103

«Сәуір болмай, тәуір болмас» деп бұрын әжелерімізден жиі естуші едік. Алайда соңғы жылдары сәуір, мамырда жауған қар, түскен үсік ол не? Оңтүстіктің  ыстығына үйренген шымкенттіктердің «қашан жылы болады?» деген сауалын  синоптиктерге жолдаған едік. Сала мамандары  алдағы күндері  Шымкентте күн ашық болатынын болжауда.

Әсия ҚЫДЫРБАЕВА, Қазгидромет РМК Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы: «Алдағы 22-24 сәуір аралығында Шымкентте жауын шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +1+4 градустан +6+8 градусқа дейін көтеріледі. Күндіз +17+19 градустан бірте бірте 22-24 градусқа дейін күн жылиды. Бүгін түнде топырақта 1-3 градус аяз болатыны болжануда».

Шынар Оразова