Үш айда 36 келі есірткі тәркіленді

87

Түркістан облысында есірткі заттарын өткізу бойынша қылмыстар азайып келеді. Бұл туралы арнайы брифингте есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының өкілдері хабарлады. Тәртіп сақшылары ағымдағы жылдың алғашқы 3 айында есірткінің заңсыз айналымының 119 жағдайын анықтаған. Сондай-ақ, 36 келіге жуық есірткі заты тәркіленді.

Нұрлыбек Әлібекұлы, Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығының орынбасары: «Қылмысты ашу жағдайлары артты, есірткі айналымы бойынша қылмыстар азайғанын атап өткен жөн. Бұл босаңсу керек дегенді білдірмейді, біз одан әрі қарқынды жұмыс істеуіміз қажет».

Полиция қызметкерлерінің сөзінше, жыл басынан бері жастар мен тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі қызметкерлердің пікірінше нәтиже аз, бірақ жоқ емес.

Мөлдір Ибадуллаева