«7-20-25» бағдарламасы бойынша 34 мыңнан аса өтінім мақұлданды

98

Биыл «7-20-25» бағдарламасы бойынша 34 мыңнан аса қазақстандықтың өтінімі мақұлданды. Бұл туралы ведомства өкілдері баяндады.

Сөздерінше, 5 ай ішінде дәл осы мемлекеттік бағдарламадан үй алу үшін 60 мыңға жуық өтінім келіп түскен. Нәтижесінде оның жартысынан көбі қолдау тауыпты.

Айта кетейік, ол үшін 416 млрд. теңге жұмсалмақ. Бұдан бөлек, «Баспана хит» бағдарламасына да ниет білдіргендер аз емес. Ипотекамен үй алғысы келгендер саны 127 мыңнан асып жығылады. Оның 70 мыңға жуығы мақұлданған дейді Ұлттық банк төрағасы Ерболат ДОСАЕВ.

Ерболат ДОСАЕВ, ҚР Ұлттық банк төрағасы: «Биылғы жылғы 6 мамырдағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер 1,2 трлн. теңгеге 1507 өтініп келіп түсті. 785 млрд. теңге соммасында 961 жоба мақұлданды».

Назерке Үкібасова