Úı ANONS Аббаттандыру қағидасын бұзған азамат анықталды

Аббаттандыру қағидасын бұзған азамат анықталды

Полиция қызметкерлері қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп, көше бойына құрылыс қалдықтары мен материалдарын төккен тұрғындарды анықтау бойынша профилактикалық іс-шарасын жалғастырып жатыр.

2021 жылдың 8-мамырында Шымкент ҚПД Қаратау АПБ-ның учаскелік полиция инспекторларымен ауданда абаттандыру қағидаларын сақтау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында «Мирас» шағынауданындағы Арғынбеков көшесі бойында кәріз құдығы тастарын түсіріп қойған тұрғын анықталды.
Учаскелік полиция инспекторы азаматпен профилактикалық сұхбат жүргізді. Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін жергілікті тұрғын ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қаланың тазалығы – еліміздің тазалығы. Тазалық — денсаулық кепілі. Қаламыздың әрбір тұрғыны өз үйінің ауласын, көшесін таза ұстаса қала келбеттене түседі.