Дауылды ескерту….

219
фото Inbusiness.kz

Кезекші синоптик Д.Айтмырзаеваның мәлімдеуінше 2021 жылғы 6 мамырда Шымкент қаласында найзағай, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Мына қауіпсіздік ережелерді сақтауды сұранамыз:

* Жел күшейген кезде ғимараттардан шығуды шектетіп, үй-жайларда болуды ұсынамыз. Балаларды ерекше бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау маңызды.

* Егер қатты жел кезінде сіз көшеде болсаңыз, ғимараттардың кіреберістеріне тығылуға кеңес береміз. Қатты желден жасырынамын деп, үйлердің қабырғаларына жақын тұрмаңыз, өйткені шатырлардан шифер мен басқа материалдар құлауы мүмкін. Бұл қоғамдық көлік аялдамаларына, билбордтарға, ағаштарға, құрылысы бітпеген ғимараттарға да қатысты.

* Қатты жел кезінде электр желілерінің астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті.

 

QAINAR KÓZШымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы