Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 147 отбасы баспанаға қол жеткізді. Бұл үйлер сатып алу құқығынсыз жалға беріліп отыр. Жаңа қонысқа ие болған тұрғындарға пәтер кілттері бүгін табысталды.
Шымкентте 147 отбасы баспаналы болды. Бұл үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында сатып алу құқығынсыз жалға беріліп отыр. Ал жалға алу мерзімі шексіз дейді сала жауаптылары. Үй кезегін күтіп, баспаналы болғандардың бірі- Құралай Тоқмырзаева. Көпбалалы анаға табысталған үй «Асар 2» мөлтек ауданында орналасқан. Шиеттей баланы тәрбиелеп отырған тұрғын кезекті 7 жыл күттік дейді.
Құралай ТОҚМЫРЗАЕВА, Шымкент қаласының тұрғыны: «Мен 2014 жылдың наурыз айынан бастап кезекке тұрдым. Сабарлықпен күткеннің арқасында қол жеткізіп отырмын. Бала-шағамның несібесі шығар».
Естеріңізде болса, сәуір айында тұрғын үй кезеңінде тұрған 161 азаматқа пәтер кілті табысталған болатын. Ал бүгін қоныс тойын тойлағандардың баспаналары «Тұран», «Тұрлан», «Асар 2» шағынаудандарынан берілуде. Жалға берілетін тұрғын үйлер үшін төленетін айлық төлемақы пәтердің шаршы мертіне байланысты есептеледі. Мәселен, 1 бөлмелі пәтер үшін төленетін айлық төлем- 6000-6500 тг аралығында болса, 2 бөлмелі пәтерге 9000-9500тг, ал 3 бөлмелі пәтер үшін 11500-13500 теңге. Ал жауаптылар жыл соңына дейін тағы 676 отбасыны баспанамен қамту жоспарлануда дейді.
Азамат РЫСЖАНОВ, Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы: «Мамыр айында тиісті комиссия мүшесімен 3 санат бойынша кезекте тұрған адамдар пәтер алды».
Қазіргі таңда Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны — 44 635. Атап айтқанда, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны — 1723, 7 889-і көпбалалы отбасы, 15 152-і халықтық әлеуметтік жағынан әлсіз топтар санатына жататындар. Ал кезекте тұрғандардың 19 844-і мемлекеттік қызметкерлер.
Камила Есенғали