Шымкенттіктердің көбі «Спутник» вакцинасын салдыруда

90

Шымкентте вакцинациялау процесі жалғасуда. Тұрғындар араб-қытай өнімі Hayat-Vax екпесін қабылдай алады. Оның өзге препараттардан ешқандай ерекшелігі жоқ. Алдымен анкета толтырылып, кейін дәрігер қарауынан өтіп, содан соң вакцина салынады.

Қазақстанда екпенің үш түрі салынуда. Олар отандық Қазвак, ресейлік «Спутник ви» және арабтың Hayat-Vax вакцинасы. Соңғы аталған перпарат Қытай технологиясымен өндірілген. Дәрігерлер сөзінше, ол жалғыз компонентті. Және оған әзірге шағымданып келген ешкім жоқ.

Гүлзейнат ЕЛТАЕВА, Шымкент қалалық №5 емхананың бөлім меңгерушісі: «Бұл вакцина Араб Әмірлігінде өндіріледі. Біздің қаламызда оның мөлшері жеткілікті. Ал, оны 18 жастан 60 жасқа дейінгі тұрғындар қабылдай алады. Тіпті алпыстан асқандарына да рұқсат етіледі. Бір компонентті».

Hayat-Vax вакцинасын да өзге екпелер секілді аллергиясы барларға, аяғы ауыр келіншектер мен омыраудағы баласы барларға салдыруға болмайды. Сондай-ақ, індет жұқтырғандарға 6 айға дейін аталмыш екпені қабылдауға болмайды.

Гүлзейнат ЕЛТАЕВА, Шымкент қалалық №5 емхананың бөлім меңгерушісі: «Бұл вакцинаны аяғы ауыр келіншектер, омыраудағы баласы барлар мен 18 жсқа дейінгілерге ектіруге рұқсат жоқ. Бұдан өзге қарсы көрсеткіш жоқ. Ал егер созылмалы ауруыңыз болса, дәрігер кеңесіне жүгіну керек».

Ақ халаттылардың айтуынша, әзірге Шымкентте Араб Әмірлігінің өнімі тұрғындар сұранысына ие болмай тұр. Шымкенттіктердің көбісі Спутник ви-ді таңдайды екен.

Егу бөлмесіне келушілердің қай вакцинаны таңдайтыны өз еркінде. Осылай деген ақ халаттылар екпені тіпті демалыс күндері де салынатынын айтады.