Úı ANONS Шекарада 17 делдал ұсталды

Шекарада 17 делдал ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірге прокуратураның үйлестіруімен Түркістан облысында қылмыстық топтың заңсыз қызметін тоқтатты. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді. Тергеу дерегінше, топ мүшелері мемлекеттік шекара арқылы өту кезінде кедендік рәсімдерді жеделдетіп өткізу үшін ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне заңсыз делдалдық қызметтер ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Ұсталған 17 адамның бесеуі қамауға алынған.

 

Комитет тергеу құпиясына байланысты  өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын хабарлады.

Дилара Иса