Úı ANONS Халық қалаулылары көмек қолын созды

Халық қалаулылары көмек қолын созды

Көктемгі тасқыннан зардап шеккен Елтай тұрғынының арманы орындалмақ. Бес балалы отбасының жалғыз баспанасы қайта салынады. Құрылысқа кімдер қолдау көрсетті? Зардап шеккен жанұяның бүгінгі жағдайы қандай? Толығырақ алдағы сюжетте.

 

Шымкенттегі Елтай Тұрғын алабын ерте көктемде жауған жауыннан бүлінген үй қайта салынады. Жаңа үй салуға қала әкімдігі мен қалалық мәслихаттың депутаттары көмек беріп жатыр. Нақтырақ айтқанда, атын атап, түрін түстеуге қарсы болған 7 депутат жалпы құны 10 миллион теңге болатын  қажетті құрылыс материалдарын алып берді.

 

«Өте қорқынышты жағдай болды. Сағат тоғыздар шамасында жарты сағаттың ішінде гурр етіп келеді бірдестен су».

 

Үй иесі Дариға Қоңқаеваның сөзінше, бұл олардың жалғыз баспанасы. Отбасында 5 баласы бар. Күйеуі – 3 топ мүгедегі. Ауласын су алып, үйін зақымдағанда қайда барып, кімнен көмек сұрарын білмей дел-сал болған. Сөйтіп қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың көшпелі кездесуінде жанайқайын жеткізген.  Ал қала әкімі қолға алып, депутаттар оны қолдап, көмек берілетінін естігенде, разы болған.

ДАРИҒА ҚОҢҚАЕВА, ЕЛТАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Тура сол арықтың жағасында орналасқан үйіміз. Су үйдің ішіне кетпесе де, іші зәк. Қанша жылдан бері су келеді. Жыл сайын су келеді. Қорқып отырамыз. Рақмет көп-көп. Жылағым келіп тұр. Негізінде, әлеуметтік жағдайымыз жоқ болған соң сұрап тұрмыз жәрдем. Әйтпесе, Құдайға шүкір бала-шам бар. Күйеуім 3 топ мүгедегі. Өзім де жақында инсульт алдым».

 

Бұл мемлекеттік бюджеттен бөлінген  қаржы емес. Демеушілердің есебінен көрсетілген көмек. Жергілікті әкімдік отбасының үйіне келіп, үй иелерімен жаңа үй салуға қанша құрылыс материалы кететінін есептеген.

 

Мамыр айында нөсер жауын жауып, арты селге ұласқан. Табиғи апаттан 6 үй зардап шеккен. Өзге отбасыларға бұған дейін көмек берілгені хабарланған

Дилара Иса