Úı ANONS 22 адам құтқарылды

22 адам құтқарылды

Түркістан облысында табиғат аясына демалуға шыққан бірнеше отбасы нөсер жауынның астында қалды. Жауын салдарынан Жылқы ата сарқырамасы мен Қайнар ауылына дейінгі шамамен 20 шақырым жердегі топырақ жолды су шайып кеткен. Бірнеше автокөлік пен шағын автобус  жүре алмай, батпаққа батып қалған. Төтеншеліктердің мәлімдеуінше, жолда қалған бас-аяғы 22 адам құтқарылған. Олардың ішінде балалар да бар.

 

«Оқиға орнына келген құтқарушылар 22 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялап, барлығын Қайнар ауылына жеткізді. Зардап шеккендер жоқ. Ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ»

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ

 

Дилара Иса