Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары Ішкі саясат басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп қаладағы 15 және 16 шағын аудандарында есірткі құралдары мен психотроптық заттардың жарнамасы бар граффити-суреттерді жоюға бағытталған мақсатты іс-шара өткізіп, оның барысында ондаған есірткі трафигі жойылды.

Көптеген адамдарды әлеуметтік желілерде есірткі курьерімен жұмыс істеу туралы ұсыныстар түссе немесе айналасындағылардың біреуі заңсыз әрекетке қатысса, не істеу керектігі қызықтырады. Мұндай фактілер туралы хабарлау қажет, өйткені дұрыс және уақтылы әрекет ету біреудің өмірін құтқара алады.

Сондықтанда полицейлер есірткі граффиттерінің ісіне куә болған шымкенттіктерді селқостық танытпай, әр факті бойынша дереу «102»-ге хабарлауды сұрайды. Нашақорлық мәселесіне және қаламыздың тазалығына немқұрайлық танытпайтын барлық адамдарды біз әрқашан қолдауға дайынбыз.