Шымкенттің солтүстік-шығыс бөлігінде су тоқтатылады

62

Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының назарына! «Су ресурстары-Маркетингі» ЖШС-нің қызметкерлері сумен жабдықтаудың жазғы режиміне көшуге байланысты сонымен қатар ауыз судың сапасын жақсарту мақсатында магистральдық су таратқыштарда жоспарлы жұмыстар жүргізетін болады.

Соған орай, мамыр айының 27-інен сағат 22.00-ден 28-і сағат 10.00 аралығында қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде ауыз су беру тоқтатылады. Мамандар, қала тұрғындарына алдын ала су жинап алуды ескертіп, қолайсыздықтар үшін түсіністік танытуды сұрайды.

Бекжан Ешимбетов,»Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-і Бас директорының орынбасары: «Сумен жабдықтаудан келесі жерлер ажыратылады: Қарасу және Ақбай. «Нұртас», «Солтүстік», «Шығыс», «Шапағат», «Наурыз», 16-шы, 17-ші, 18-ші, жоғарғы және төменгі «Отырар» шағынаудандары, ІІМ мектебінің ауданы, «Сайрам», Кіші «Самал». Көшелер: Сухэбатор, Ерімбетов және Адырбеков (Верещагин көшесіне дейін), Диваев (аудандағы биіктік секторы), Дулати (Орманов көшесіне дейін), Шаймерденов және Құрманғазы (Жандосовқа дейін), Қонаев даңғылы (Жандосов көшесіне дейін), Байтұрсынов (№84; 84А; 86; 86а; 92; 94 үйлер, Кардиология және онкологиялық орталық) және Рысқұлов көшесінің бойындағы Байтұрсыновтан Өтегеновке дейінгі жеке құрылыстар.

Диспетчерлік қызметтің телефоны: 8(7252) 32-12-74; +7708110212