20 жылдық өткіземіз деп жауапқа тартылды

166

 

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шара жүргізуде. 2021 жылдың 27-маусымында сағат 23:12-де Ұ.Арғынбеков көшесі №12 үйде орналасқан «Шапағат» кафесі карантиндік шектеулерді бұзып 30 адамнан асатын «20 жылдық» мерей той өткізіп жатқанын анықтады. Қызметкерлер мен даяршылар кафе ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсеткені белгілі болды.

Аталған жайт бойынша, карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған кафе әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бекітілген қаулыны ескермей, әлі той-жиын өткізіп жатқан тұрғындарға бұл өздерінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіріп жатқанын ескертеді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі