Чемпиондарға қаржылай сыйақы берілді

21

Бокс пен теннис чемпиондарына қаржылай сыйақы. Шымкент қаласындағы үстел теннисі және бокс федерацияларының президенті Асқар Тұрысбеков чемпиондарға ынталандыру   сыйлықтарын табыстады.

Бұған дейін Қарағандыда бесінші жастар ойыны өткен болатын. Сол жарыста жас теннисшілер командасы бірінші орын алды. Ал республикалық турнирде топ жарған былғары қолғап шеберлері Атырау қаласынан жеңіспен оралды. Олардың барлығына да қаржылай сыйақы берілді.