«Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының   мамандары алдағы күндерге ауа райы болжамын хабарлады.

Арайлым Маханова, инженер-синоптик: «Бүгін Шымкентте   ауа температурасы түнде +20+22 градус  жылылықты көрсетсе, күндіз сынап бағанасы 33-35 градусқа дейін көтеріледі. Күндіз өткінші жаңбыр, найзағай   күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13, екпіні  15-20 м/сек. Алдағы аптада  ауа температурасының  біршама төмендеуі байқалады. Түнде  +15+17 градус, күндіз сынап бағанасы +23 +25 градусқа дейін жылылықты көрсетеді. Өткінші жаңбыр, найзағай болуы ықтимал».

Шынар Оразова