Түркістан облысы аумағында жел тұрады

347

 

Қазгидромет қызметінің Түркістан облыстық филиалы мамандарының мәліметіне сүйенсек, 8-ші маусымда Түркістан облысында  кей жерлерде  өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл болады. 

Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13, кей жерлерде  15-20, екпіні 25 м/сек. Ауа температурасы  түнде 17-22, кей жерлерде  25 градус, күндіз 32*37 градус, кей жерлерде  29 градус жылы болады. 

Түркістан қаласындағы ауа райы:  көшпелі бұлтты, түнде  және таңертең  өткінші жаңбыр,  найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13,  екпіні 15-20 м/сек. Ауа температурасы  түнде  23-25, күндіз 35-37 градус жылы болады. 

Шынар Оразова