Түркістан-Ташкент жаңа әуе рейсі ашылады

21

Түркістан қаласынан Ташкентке жаңа халықаралық әуе рейсі ашылады. Тұрақты рейстер дүйсенбі және бейсенбі күндері Airbus A 320 ұшақтарымен жүзеге асады.

Билет құны 9999 теңгеден басталады. Алғашқы рейс 21 маусымда ұшады. Тасымалды Флай Арыстан әуе компаниясы ұйымдастырады.

Қазақстандық лоукостердің баспасөз қызметіндегілер Өзбекстан астанасына түйісу рейстері арқылы Нұр-Сұлтан мен Алматыдан да баруға болатынын ескертті. Билеттерді қазірден бастап брондауға болады.

Әлихан Файзханов