Кентауда есірткінің ірі партиясы анықталды

74

Кентауда есірткінің ірі партиясы анықталды. Полицейлер марихуананы көлігінде алып жүрген ер адамды кездейсоқ қолға түсірген.

Жүргізуші алдымен жол ережесін бұзған. Патрульдік қызметкерлердің тоқта деген талабын елемеген оны тәртіп сақшылары оны ақыры тоқтатқан. Олар ер адамның қатты ашуланғанына назар аударып, көлікті тексереміз деп шешкен.

Ұсталған азамат – Түркістанның 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол тексеру барысында есірткіні жасыруға тырыспапты, полицейлер оны көлік салонынан тапқан. ВАЗ көлігін тізгіндеген жүргізушіден 5 килограмм марихуана сөмкесі мен құрамында есірткі бар тағы 24 сіріңке қорапшасы тәркіленді.

Дәурен Сартаев, Түркістан облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі аға жедел уәкілі: «Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленіп алынған заттар жалпы салмағы 5 кг-дан астам кептірілген марихуана деп берілді. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабы 4 бөлігімен қозғалып, тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда күдіктінің бас шарасы қамауда».