Өткен тәулікте 2673 адам екпе алды

135

 

Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына қарсы 2673 адам вакцина салдырды: I компонент – 1012, II компонент – 1661. Егу науқаны басталғалы барлығы 345 167 адам вакциналанды. Оның ішінде 219 325 адам вакцинаның екі компонентін алды.

20 шілде күні КВИ-дің 412 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 322, белгілері жоқ – 90). 204 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 208 адам үй бақылауына алынған.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2946 орын бар. Төсек-орын толымдығы – 66 пайыз.

Сонымен қатар, 20 шілде күні 784 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 11 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қалада эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі жағдайда. Қала тұрғындарын қоғамдық орындарда бетперделік режимді сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.