Түркістандағы «Керуен сарай» кешенінде ауқымды «Open Air» концерті өтті. Ашық аспан астындағы кеште жергілікті өнерпаздар мен еліміздің эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған көрінеді. Көпшілікке арналған ерекше мереке әсер келесі бейнесюжетте.
Түркістан төрінде кезекті әсерлі кеш ұйымдастырылды. OPEN AIR форматымен ерекшеленген концертте жергілікті өнерпаздармен қатар, отандық эстрада жұлдыздары Баян Сұлу мен Садраддин өнер көрсетті.
Кеш барысында «Керуен сарайға» келген халықтың қарасы қалың. Жиналған көрермен сүйікті әншілеріне қосыла ән шырқап, кештің әрбір сәтін таспаға басып алуға тырысты. Ал келушілердің көптігіне қарамастан, тұрғындар концерттің ерекше көңілді өткенін айтады.
Кештің түйіні ерекше бағдарламаға ұласты. Түркістанның түнгі аспанын жүздеген ұшқышсыз аппарат арнайы мүсіндерге бөлеп, заманауи дрон-шоу көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Әсел Мәлік






