Úı ANONS Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтеді

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтеді

фото ШӨКҚ
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «2026 жылдың 31 шілдеде Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді».
Акция Шымкент қаласында «Арбат» гүлзарында (Бейбітшілік көшесі №4-6) 2026 жылы 31 шілде сағат 16.00-де басталады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.