Шымкентте 210 індет жұқтыру жағдайы тіркелді

63

Шымкент қаласында күн сайын эпидахуал нашарлауда. 8 шілде күнге КВИ-дің 210 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 152 азаматта белгілері бар болса, 58 адамда белгілері жоқ. Ал, 87 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 123 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1416 орын бар. Төсек орын толымдығы 46%-ды құрайды, 752 төсек орын бос.
Бүгінде инфекциялық стационарда 664 науқас емделуде, ал жансақтау бөлімінде 148 науқас ем қабылдауда.

Коронавирус инфекциясын алдын-алудың бірден- бір жолы ол екпе салдыру. Бір тәулік ішінде қалада 10 120 адам вакцина алған.

(I компонент-6164, II компонент-3956. Егу науқаны басталғалы барлығы 303 364 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 183 651 адам вакцинаның екі компонентін алған.