Шымкентте биыл 7 елдімекен сапалы электр қуатымен қамтылады

148

Шымкент қаласында қазіргі уақытта 81 елдімекен электр жарығымен қамтылған. Алайда, 65-і сапалы электрмен қамтылса, 16 елдімекенде электр қуаты сапасыз болып отыр.

Сапалы электр қуатымен қамтылған шағын аудандар мен тұрғын алаптар санын арттыру мақсатында биыл 3 қосалқы станция мен 16 елдімекенде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл жылы Бозарық 220/110/10 кВ, «Ақжар» 110/35/10кВ, «1-М-1» 110/10кВ қосалқы станцияларының құрылысы аяқталып, Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Қайнарбұлақ шағынаудандарына сапалы электр жарығы беріледі.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін Ақжар, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке -20 жыл, Жалын, Достық тұрғын алабындағы құрылыс жұмыстары да аяқталып, тұрғындар сапалы электр қуатына қол жеткізеді.

Нәтижесінде жыл соңына дейін 21 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылып, көрсеткіш 97%-ға өседі.