Т.Рысқұлов көшесіндегі жолдың белгілі бір бөлігі уақытша жабылады

251

 Шымкентте Т. Рысқұлов көшесінің А. Байтұрсынов пен Х. Дулати көшелері қиылысына дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл туралы автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов мәлімдеді.

Д. Қонаев даңғылын көліктер қозғалысы үшін ашу 15-ші қыркүйекке жоспарланған. Сол себепті жолайырықтың көпір өткелін салуға Рысқұлов көшесінің аталған бөлігінде көлік қозғалысын толығымен шектеу қажеттігі туындап отыр. Нысанды айналып өтуге басқа бағыттар ұйымдастырылып отыр.

Ержан Жолдасов, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: «Нысанды айналып өту үшін Байтұрсынов, Байырқұм, Жандосов, Тұяқбаев, Береке, Жәнібеков көшелерімен жүреді. Уақытша бұрынғы мына Гиперхаус Бәйдібек биден Рысқұловқа дейінгі жол екі жақты бұрынғы орнына келеді. Тағы Байтұрсынов көшесі Рысқұловтан Арғынбековке жеңіл көліктер жүреді. Ал Арғынбековтен Рысқұловқа қарай жеңіл автокөліктер жүруіне тыйым салынады уақытша. Бұның уақыты 30 шілде 23:00-де жабамыз 15-ші қыркүйекке дейін».

Сонымен қатар, Рысқұлов – Қонаев көшелерінің жабылуы себебінен жалпы саны 14 автобус маршрутын өзгерту жоспарланып отыр екен. Айта кетейік, Қонаев пен Рысқұлов көшесіндегі жолайырық құрылысы өткен жылы 15 қазанда басталған еді. Жұмысты осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Жауаптылар қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды.

Наурыз Сүгірәлиев, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бөлім басшысы: «Бірінші 19-шы бағыт Рысқұлов көшесімен қазіргі кезде мынау 18-ші ш.а – Самал базар бағытына жүретін бағыттар ол 19-шы, 72, 158, 93 бағыт. Бұл бағыттардың қозғалыс мынау Рысқұлов – Бәйдібек би – Арғынбекоа көшесі арқылы ұйымдастырылады. Ол жаңағы Рысқұловпен келіп Бәйдібек биге түседі. Одан кейін Арғынбеков көшесі арқылы Байтұрсынов көшесіне түсіп Рысқұловқа шығып кететін болады».

Олжас Айдарбек