«Ұшақпен вирус шашып жүр»: Жалған ақпарат таратқан адам кешірім сұрады

95

«Ұшақпен вирус шашып жүр!». Әлеуметтік желілерде дәл осындай ақпарат тарап, көптің үрейін тудырды. Видеодан АН-2 ұшақтарының жанында бөшкенің ішінде белгісіз зат бар екенін аңғаруға болады.

Бейнежазба авторы бұл оқиғаның Түркістан облысы, Ордабасы ауданында орын алғанын айтады. Ал полицейлер хабарлама жалған деп отыр. Мұндай ақпаратты Ордабасы ауданының тұрғыны таратқан екен. Қазіргі таңда жалған мәлімет таратушы ұсталды және жұрттан бұл ісі үшін кешірім сұрады.

«Ордабасы аудан тұрғындары, қазақ елі. Бүгін міне 28-і, жаңағы жіберген жалған ақпарат екен. Коронавирус дәрісін шашады деген, оның бәрі өтірік. Мен анықтап білдім, ол жерге аэродрон соғылып, елдің игілігіне, зиянкестерге, зиянды шөптерге арналған аэродрон екен. Енді мен сіздерден мұндай жалған ақпарат жібергенім үшін кешірім сұраймын», – деді.

Ал видеодағы ұшақтар Шымкент тұрғынына тиесілі екені белгілі болды. Ол Қараспан ауылдық округінен жалға алған егістік алқабына тыңайтқыш әкелген. Ол ұшақпен егістігіне тыңайтқыш себуді жоспарлаған екен. Жалған хабарлама таратқан ер адамға қатысты 274-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оған көрінеу жалған ақпарат таратты деген айып тағылып отыр.

Әлихан Файзханов