Жалған вакцинациялау құжатын сататын шетелдік ресурстар бұғатталды

65

Жалған ПТР-тест және вакцинациялау құжатын сататын бірнеше шетелдік ресурс бұғаттауға жіберілді. Бұл тулары Ішкі істер министрлігіндегілер мәлімдеді.

Алаяқтар қармаққа ілінген азаматтарға вакцинаның бірінші компонентін алғаны туралы бөгде пошта жәшіктерінен хабарлама жібереді екен. Оған алданған азаматтар 2 компоненттің анықтамасы үшін сұраған ақшаны аударып жібереді. Ақша түскен бойда жарнама иесі байланыс аясынан жоғалады. Ведомстваның баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, қазір барлық полиция бөлімшелерінде арнайы мониторинг топ құрылған. Олар әлеуметтік желіде жалған құжат сату жөніндегі хабарландыруларды анықтауды жалғастырып жатыр.

Шұғыла Тұрлыбек,  ІІМ баспасөз өкілі:
«Полиция осындай 46 жарнаманы анықтады. Онда жалған вакцинация паспорттары, оң немесе теріс тест нәтижелері бар анықтамалар ақшаға ұсынылады. Аталған ресурстарда Ресей Федерациясында, Украинада, Үндістанда және АҚШ-та медициналық анықтамалар мен вакцинация сертификаттарын сату туралы хабарландырулар бар. Жыл басынан бері ішкі істер органдары жалған ПТР-те жасаудың 39 жағдайын, вакциналау паспортын қолдан жасаудың 23 фактісін тіркеген».

Айта кетейік, жалған вакцина құжатын жасағандарға 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ал оны оны пайдаланғандар үшін 40 тәулікке дейін қамауға алынады.

Бұдан бөлек ведомствоның ақпарат алаңында Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк 100 мыңға жуық Қазақстан азаматы наркологиялық есепте тіркеуде тұрғанын айтты. Сөзінше, учаскелік полиция қызметкері ондай азаматтарды мәжбүрлеу емдеуге бағыттауға құқылы.

Алексей Милюк, ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары: «Учаскелік полиция алкогольге тәуелді тұлғаларды мәжбүрлеп емдеу бойынша денсаулық сақтау органдарының алдында мәселе қоюға құқылы. Бүгінде наркологиялық есепте 100 мыңға жуық осындай азамат тіркелген. Өзінің функцоналдық міндетіне қарай халықпен жеке байланыс орнатуға міндетті. Бұл полиция қызметінің халыққа қолжетімдігі қағидатында ерекше маңызға ие. Тіпті ауылдарда учаскелік полиция қызметкері ондағы ішкі істер органдарының, кейде тіпті мемлекеттік биліктің жалғыз өкілі ретінде жұмыс істейді. Сондықтан Мемлекет басшысы учаскелік полиция қызметкерін полицияның ұлттық сервистік моделіндегі негізгі буын ретінде атаған болатын».

Өткен аптада елімізде 13 адам кісінің қолынан көз жұмған. Ішкі істер министрлігіндегілер өзгенің мүлкін ұрлау қылмысы азаймай тұрғанын айтады.

Шұғыла Тұрлыбек, ІІМ баспсөз өкілі:
«Бір апта ішінде елде 3237 қылмыс тіркелсе, оның 2212 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері 8 кісі өлтіруді 5 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді бір қарақшылық 41 тонау және 505 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты».

Айта кетейік, бүгінгі таңда елімізде белсенді азаматтық ұстанымы бар 23 мыңнан астам адам бар екен. Олардың қырағылығының арқасында жыл басынан бері 2 мыңнан астам қылмыстың беті ашылған. Және 28 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесіліпті.