Депозиттегі қаражат 3 трлн. теңгеге көбейді

69

Биыл елде депозиттегі қаражат 3 трлн. теңгеге көбейді. Ұлттық банк өкілдері қазір депозиттік ұйымдарда 25 трлн. 2 млрд. теңгеден аса ақша жатқанын айтады.

Қаңтарда 22 трлн. теңгеден сәл-ақ асқан. Сегіз айда қаражат 14%-ке дейін артып отыр. Ақшаның көбі заңды тұлғаларға тиесілі. Ал жеке тұлғалардың еншісінде 12 трлн. 2 млрд. теңге бар.

Халық депозитте ұлттық валютамен 16 трлн. теңге жинаған. Қалған 9 трлн. теңге шетелдік валютамен депозитте сақтаулы.

Шынар Оразова