М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы, қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, күдіктілер қатарында оқу ордасының бұрынғы бірінші проректоры, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, өндірістік-техникалық бөлімнің қойма меңгерушісі және мердігер ұйымдардың басшылары бар.
Тергеу дерегіне сәйкес, тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген. Яғни, жасанды түрде қымбат бағамен сатып алынған. Жалған мемлекеттік сатып алу шарттары арқылы қаражат байланысы бар кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың шоттарына аударылып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылған дейді құзырлы орган.
Айта кетейік, сот санкциясымен 4 тұрғын үйге, 1 автокөлікке және банктік шоттардағы 40 млн. теңге қаражатқа тыйым салынды. Ал, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Нұргүл Жолымбетова






