Екпе салдырғандарға браслет таратылуда

115

«Мен қауіпсіздіктемін». Шымкент жастары шаһардағы егу пункттеріне келген азаматтарға арнайы білезік тарту етті. Мұндағы басты мақсат – вакцина салдыру қарқынын жоғарылату дейді олар.

Бүгінде браслеттің бұл түрі қаладағы барлық егу пунктерінде вакцина қабылдаған тұрғындарға таратылып жатыр. Еріктілердің айтуынша, ондағы «Мен қауіпсіздіктемін» деген жазудың өзі антидот қабылдаған жанға медеу болады. Сондықтан бұл акцияны ұйымдастыруды жөн санадық дейді еріктілер.

Рустам Расымбетовке бүгін андидот қабылдағаны үшін браслет берілді. Індетке қарсы екпенің екіншісі дозасын салдырған щымкенттік тұрғын халықты ештеңеден қорықпай вакцина қабылдауға шақырды. Айтуынша, өзінің және жақындарының денсаулығына алаңдаған адам бұл қадамнан қорықпауы тиіс.

Рустам Расымбетов, тұрғын: «Мен бүгін вакцинаның екіншісін салдырдым. Ешқандай қорқыныш болған жоқ. Менің әйелімнің аяғым ауыр. Ал маған отбасымның және өзімнің денсаулығым қашанда бірінші орында. Келіншегім де босанғаннан кейін міндетті түрде екпе қабылдайды».

Шымкент жастары бастаған бұл акция мақсаты вакцина салдыру қарқынын жоғарылату. Браслеттің бұл түрі қаладағы барлық егу пунктерінде екпе салдырған тұрғындарға таратылып жатыр. Еріктілердің айтуынша, ондағы «Мен қауіпсіздіктемін» деген жазудың өзі антидот қабылдаған жанға медеу болады.

Қайыржан Бөгенбай, Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының инспекторы:
«Осы қала тұрғындарын екпе алуға шақыруға және де денсаулықтарын сақтай отырып күтінуге және де олардың түсініктерін өзгертіп, екпе алу қарқынын дамытуға осындай акция ұйымдастырып жатырымыз. Мұның пайдасы менің ойымша өздеріңіз көріп тұрғандай мен қауіпсіздіктемін дейді. Жалпы адамның өзінің бойындағы рухани қасиет деп жатамыз ғой. Мен қауіпсіздіктемін деген сөздің өзі оған рухани азық ретінде беріледі».

Үшінші мегаполис вакцинациялау қарқыны бойынша республикада бірінші орында тұр. Қалалық №1 емхана медбикесі Насиба Исламкулованың өзі түске дейін 170-180 адамға короновирусқа қарсы екпенің бірінші және екінші компоненттерін салады екен. Айтуынша қазір вакцина салуға мәжбүрлеу жоқ, керісінше өзі сұрап келіп салдыратындар қатары көбейген.

Насиба Исламкулова, Шымкент қалалық №1 емхана мейірбекесі: «Біз вакциналар салқындатқыш камерада -25-27 ге дейін сақталады. Бір флакбаум ашқан кезде 2 сағатқа жарайды. Бізде жарты сағаттың ішінде 5 адам алып қояды. Алдыңғыға қарағанда күннен күнге өсіп жатыр. Бірінші компонентке көбірек адамдар келіп жатыр. Бір күнде біз 300-400-500 адамға кешкі сегізге дейін саламыз».

Айта кетейік, 13 тамыздағы жағдай бойынша үшінші мегаполиста вакцинаның алғашқы компонентін 394 271 адам салдырған, ал екіншісін шаһардың 319 576 тұрғыны қабылдаған.

                                                                                          Мөлдір Ибадуллаева