«Не проблема, 83 340 теңге төлей саламын»…

162

Түркістан облысы «жасыл аймақта» болғанымен, инфекцияның таралуын болдырмау үшін бірқатар шектеу шаралары қабылданған. Салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынды.

Дегенмен, Қарабұлақ ауылдық округ тұрғындары қаулыны елемеуде. Мәселен, Қайтпас көшесіндегі 27 үй тұрғыны 300 адамға үйлену тойы өткізіп жатқанын үстінен аудандық мобильді топ және тәртіп сақшылар барып, той иелеріне тиісті шара қолданды.

Той иесінің мобильді топ мүшелеріне «Не проблема, 83 340 теңге төлей саламын, никокой проблем нет, төлей саламыз» дегені таң қалдырды. Қарабұлақ елді мекені кәсіпкерлікпен жақсы танылғаны бекер еместігі еске түсіргендей.

Карантин шектеулерін бұзу фактілері айыппұлдарға әкелерін білседе, соған қарамастан тоқтату ойларында жоқтығы белгілі болды.

QAINAR KÓZСайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі