Úı ANONS Сайрамда алғашқы ауқымды марафон өтті

Сайрамда алғашқы ауқымды марафон өтті

Өңірде 300-ге тарта адам қатысқан салауатты өмір салтын насихаттайтын «САЙРАМ МАРАФОН – 2025» жүгіру жарысы өтті. Бәйгеге аудандағы еңбектеген баладан,  еңкейген қарияға дейін атсалысқан.  Аудан көлемінде алғаш рет қолға алынған ауқымды іс- шара қалай өтті?

Серік Мұғалбекұлы сайыс жеңімпазы.  40 жастағы қатысушы Ақбұлақ ауылынан келген екен. Оның мұндай марафондарға қатысуы бірінші рет емес. Спорт саласының маманы болмаса да жеңіске жеткен ол- бірінші байлық-денсаулық деген ұстанымды ұстанады. Айтуынша өз-өзіңді шыңдау бұл жастарға үлгі болудың бір жолы.

Серік Мұғалбекұлы, Жеңімпаз: «Шымкент, Түркістан марафондарына қатыстық. Одан өзге де жарыстарға қатысқанмын. Бір екі жылдан асып еді жарысты қойып кеттік. Содан бері енді жүгіріп тұрмыз. Қиналдық бірақ ауданымыздың жігіттері  жүгір деген соң жігерленіп, жастардың салауатты өмірді насихаттау үшін жүгіргеніміз. Бұл деген жақсы нәрсе».

Сайыс 300-ге тарта қатысушы арасында қызу өтті. Марафонды өңірдің 8 жасар бүлдіршіндерінен бастап 71 жастағы қариясына дейін жүгіріп өтті. Қатысушылар ішінде жастарға үлгі болуды мақсат тұтқандар қатарында аудан әкімі де болды.

Мадияр Оразалиев, Сайрам ауданының әкімі: «Жақсы сөз бар «Салауатты елде бақ тұрар, денсаулығы мықты елдің болашағы нық болар» деп. Қазіргі таңда халықты біз спортқа тарту керекпіз. Салауатты өмір салтын ұстануға үйрету керекпіз. Мәселен қазіргі жас балаларды спортқа тарту керекпіз».

Жаңабек Тілекеұлы, Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы: «Жеңімпаздар І орын – электрлі жүгіру жолы (беговая дорожка); ІІ орын – спорттық фелосипед; ІІІ орын – smart теледидар. Сонымен қатар, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды».

Айта кетейік, бұл аудан көлеміндегі алғашы ауқымды марафон. Бұл игі іс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Ұйымдастырылған бұл іс-шара жас буынның спортқа бет бұруына бағытталған

Ботакөз Әнуар