Úı ANONS Кезекті комедиялық қойылым көрерменге жол тартты

Кезекті комедиялық қойылым көрерменге жол тартты

Сайрам өзбек драма театры көрерменге жаңа туынды ұсынды. Туынды атауы «Алдағанға әйел жақсы». Туынды комедия жанрында жазылған. Өнер ұжымы бұл жолы қоғамдағы өзекті отбасылық мәселені әзілмен жеткізуді жөн көрген.

 

Өзбек драма театры жаңа қойылыммен толықты. Қазіргі қоғамда өзекті отбасылық мәселені қаузаған шығарманың бас кейіпкері — Тұрдықұл. Бұл бейнені мәдениет ордасының белді әртісі Ұлықбек Насыров сомдайды. Ол өз кейіпкерінің жұбайына опасыздық жасамақ болып, соңында күлкілі жағдайға тап болатынын айтады.

 

ҰЛЫҚБЕК НАСЫРОВ, ТЕАТР ӘРТІСІ: «Бұл енді грим әлі соңына дейін біткен жоқ. Себебі басында бұлай болғанмен одан кейін әйелден таяқ жеп, көз ісу керек. Қазір соған дайындық болып тұр. Жартысы болып тұр. Таяқ жеген соң жартысы. Спектакль көрсеңіздер, түсінетін шығарсыздар».

 

Ал оның сахнадағы жарының рөлін сомдайтын актриса — Дилдара Халметова. Ол бұл бейнеге бір ай бойы дайындалған. Сөзінше кейпкері өзінің мінезімен үндес. Сондықтан қиындық тумапты.

 

ДИЛДАРА ХАЛМЕТОВА, ТЕАТР ӘРТІСІ: «Қандай бай болмаса да, ешкімге бергісі келмейді. Ол әйелдің психологиясы. Менің кейіпкерім де сондай. 2 дос қыздарға барамыз дегенді естіп қалады да үйге келген соң жанын шығарып ұрады ғой. Көзін көгертіп, мен өз кейіпкерімді жақсы көріп сомдадым. Ол негізі менің жарты характерім сондаймын ғой. Өте қызғаншақпын. Соған өзімнің рөлім өте ұнады. Маған режиссер осы рөлді ойнай аласың деп сеніп берді».

 

Қойылым режиссері – театр құрылғалы бері осы қара шаңырақта еңбек етіп келе жатқан Сайдкарім Махмудов. «Алдағанға әйел жақсы» пьесасы – оның бесінші туындысы. Ол бұл комедияны өзбекстандық драматургтің шығармасы негізінде сахналаған. Осылайша жаңа туынды өз көрерменне жол тарты.

 

САЙДКАРИМ МАХМУДОВ, ҚОЮШЫ РЕЖИССЕР: «Біздің театрда көбіне драма қойылады. Сондықтан комедияны таңдадым. Біздің Сайрам менталитетіне дұрыс келетін спектакль. Ол орта жастарға, екеуі де бағанағы әйелінен таяқ жейді. Оны көру керек. Оны айтқанмен болмайды».

 

Өнер ордасының құрылғанына биыл 23 жыл толды. Қазір репертуарда 100-ден астам қойылым бар. Шығармашылық ұжым ағымдағы маусымда «Алдағанға әйел жақсы» комедиясынан бөлек, жақын күндері «Тойлар мүбарак» атты жаңа туындыны да тарту етпекші. Осылайша, театр ұжымы кезекті маусымды сәтті қорытындылауды жоспарлап отыр.

Әсел Мәлік