ҚР Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша биыл жеті айда Қазақстанда 7 млн. тоннадан астам мұнай өнімдері өндірілді.
Осы орайда автобензин бойынша көрсеткіш 2,7 млн. тонна, яғни, былтырғы сәйкес кезеңіне 107,3%-ды құрады. Өндірілген дизель отынының көлемі 2,8 млн тонна, бұл 2020 жылдың жеті айының көрсеткішімен салыстырғанда 109%-ды көрсетті.
«Әуе отыны бойынша көрсеткіш 323 мың тоннаны, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 127,7%-ды құрады. Мазут өндірісіне тоқталсақ, оның көрсеткіші 1,4 млн. тоннаны құрады, яғни былтырдың сәйкес кезеңіне 125% құрап отыр. Сонымен қатар, есепті кезеңде битум өндірісі 556 мың тоннаға жетті, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,5 пайызды қамтыды. Тұтастай алғанда, мұнайгаз-химия өнімдерінің көлемі 84,5 мың тоннаны құрады, бұл есептік езеңнің жоспарына 100%-ды құрайды», — деп аталып өткен ведомство хабарламасында.
Шынар Оразова