Úı ANONS Қоғамдық тамақтану орындарының 15 пайызы банкротқа ұшыраған

Қоғамдық тамақтану орындарының 15 пайызы банкротқа ұшыраған

Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының 15 пайызы банкротқа ұшыраған. Осы саладағы қауымдастық өкілдерінің айтуынша, қазір 35 мыңнан аса тамақтану нысаны жабық тұр.

Жұмыс уақыты шектелген соң, тамақтану орындары тағамды тек жеткізіп береді. Бизнес сауда айналымының 70 пайызын жоғалтқан.

Вероника Нұрпейісованың айтуынша, өңірлерде кәсіпкерлердің әрқайсысында шамамен 8 млн. теңге қарыз бар. Банкке қайтарылмаған кредит 2 трлн. теңгеден асады. Қарыздың 30 пайызы қоғамдық тамақтану нысаны иелерінің берешегі.

Қауымдастық өкілі кәсіпкерлердің 80 пайызы ғимаратты жалға алатынын атап өтті. Қазір салада 500 мыңдай адам жұмыссыз қалған.

Шынар Оразова