Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тыйым салынған өсімдіктерді өсіру фактісі анықталды.
Полицейлер Қайнар-бұлақ саяжайының тұрғыны өз ауласында құрамында есірткі бар өсімдік — қарасораны ірі мөлшерде өсіргенін анықтады. Тәртіп сақшылары тінту кезінде жалпы салмағы 264 келіден асатын 1426 дана қарасора бұтасын тәркілеп алды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігімен (Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.